ТҮРКІСТАН: Сайрамда мектептер инфрақұрылымы мен білім сапасы талқыланды

0
446

Мемлекет тарапынан қолдау көрсету жолдарын талқылап, жоспарларды саралады.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда мектептер инфрақұрылымы мен білім сапасы талқыланды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бүгін Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, мәселесі қордаланған нысандарды аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы аумағында құрылысы кешеуілдеген және құрылыс жұмыстарын қажет ететін білім, спорт, мәдениет нысандарының жағдайы назарға алынуда. Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бүгін Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, мәселесі қордаланған нысандарды аралады. Мемлекет тарапынан қолдау көрсету жолдарын талқылап, жоспарларды саралады.


«Өңір басшысы Дархан Сатыбалды білім саласын жаңаша жандандыру, деңгейін көтеру, білім нысандарын талапқа сай ету,материалдық базасын жақсарту жөнінде тапсырма берген болатын.Әрбір нысан сапалы салынып, уақтылы берілуі тиіс. Біздің аудандардағы күрделі нысандарды аралауымыздың мақсаты – мәселесін шешіп, алдағы жұмыстарды жоспарлау. Сала мамандарымен пікір алмасу. Әрбір өтініш пен ұсыныс назарға алынып, тиісті жұмыс жүргізіледі», – деді Бейсен Дәулетұлы.


Сайрам ауданындағы М.Сапарбаев атындағы №14 жалпы орта мектебі 400 оқушыға арналған. Бірақ қазіргі таңдаүш аусымда 1231 оқушы білім алуда. 60 жылдай бұрын салынған ғимараттың едендері шіріп, қабырғалары түсуіне байланысты2019 жылы қосымша 200 орындық оқу корпусы, спорт зал және акт залы, асхана және шеберхана құрылысы қолға алынған. 2023 жылы мектепке қосымша салынған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстары толық аяқталғанымен,қазіргі таңға дейініске қосылмаған. Себебі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, дренаждық жүйені орнатқаныменжертөледе судың толуы тоқтаған жоқ. Электр жарығы бойынша да олқылық бар. Мердігер кемшілікті толық жоюға уәде етіп, іске кірісті.


«Шаттық» бөбекжайындағы кездесуде де түйткілдер тарқатылды. Аудандағы 27 білім беру мекемесін газбен жылыту жүйесіне өткізу үшін 800 млн. теңге қажеттілігі анықталған.«№6 негізгі орта мектеп интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі де қолдауға мұқтаж. Мектеп-интернатының ғимаратыескі болғандықтан жаңа мектеп салу керек,компьютерлер жеткіліксіз. Қазандықты ауыстыру, жиһаздармен қамту да өзекті. Ал Ақсукент ауылындағы «Қайрат» стадионының ойын алаңын жазғы уақытта сумен қамтамасыз үшін су шығаратын құбыр орналастыру қажет. Ұңғыма орнату үшін жобалық-сметалық құжаты әзірленген.


Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселелер бақылауға алынғанын айтты. Шешімін табатынын жеткізді. Бірқатары бойынша заң аясында жұмыс жүргізіліп, ұсыныстар берілмек. Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлына нақты тапсырмалар беріліп, әрбір нысанның түйткілі қадағалауға алынды.


Әсіларық ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектептің ғимараты өте нашар. Қабырғалары жарылып, апатты жағдайға түскен. Жергілікті тұрғындар, ата-аналар тарапынан бұл мәселе көтерілген. Облыс әкімінің орынбасары аталған білім ұясының жай-күйі ескеріліп, жөнделетінін айтты. Аталған ауылда 2024 жылы «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 600 орындық мектептің құрылысы басталады.


Осы күні Сайрам аудандындағы мектеп және колледж директорларлының қатысуымен мәжіліс өтті. Ұстаздар білім сапасын жақсартуға бағытталған өз ұсыныстарын білдірді. Өзекті мәселелер көтерілді.


Білімнің даму көкжиектерін кеңейту бағытындағы пікірлерді тыңдаған облыс әкімінің орынбасары жиынды қорытындылады. Сабақтан тыс уақытта мемлекет тарапынан қолға алынған спорт, өнер, білім бағытындағы үйірмелерді жандандырып, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды тапсырды. Жастарға кәсіптік білім беру, жұмыспен қамту керектігіне тоқталды. Жиында айтылған барлық ұсыныс-тілектер менмәселелердің басты назарда екенін айтып, әкімдік тарапынан тың жобаларды қолдайтынын жеткізді.


Бейсен Дәулетұлы осы сапарында өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмысшы топпен және Сайрам, Түлкібас, Төлеби аудандарының құзырлы және жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен мәжіліске қатысты. Өзекті мәселелер талқыланып, жоспарлар сараланды.