ТҮРКІСТАН: Сайрамда ПЭТ платформаларын өндіретін зауыт іске қосылды

0
76

Қазіргі таңда зауытта 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда ПЭТ платформаларын өндіретін зауыт іске қосылды

Сайрам ауданында ПЭТ платформаларын өндіретін зауыт іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында ПЭТ платформаларын өндіретін «WALLI PACK» ЖШС зауыты өз жұмысын бастады. Инвестициялық құны 600 миллион теңгені құрайтын өндірістік жоба ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, өңір экономикасының дамуына серпін беруде.

Мемлекет басшысының өңірлерге инвестиция тарту, өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмаларын орындау, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің инвестициялық жобаларды қолдау және өндіріс орындарын көбейту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асқан бұл жоба аудан экономикасының дамуына тың серпін береді.

Заманауи өндірістік желілермен жабдықталған кәсіпорын тәулігіне 64 мың дана ПЭТ платформасын өндіру қуатына ие. Өнімдер ішкі нарыққа шығарылып, отандық өндіріс орындарының сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі таңда зауытта 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жобаның іске асырылуы жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, халықтың әл-ауқатын арттыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуде.

Кәсіпорында пайдаланылатын өндірістік технологиялар мен құрал-жабдықтардың басым бөлігі Қытай Халық Республикасынан импортталған. Сонымен қатар өндірісте қолданылатын негізгі шикізат та Қытай елінен жеткізіледі.

Аталған зауыт ПЭТ платформаларын өндіру саласындағы еліміздегі маңызды өндіріс орындарының бірі болып саналады.

Инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы Сайрам ауданында өндіріс көлемін ұлғайтуға, импортты алмастыруға, отандық өнім өндіруді дамытуға және жаңа инвестицияларды тартуға бағытталған жұмыстардың нәтижелі жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Бөлісу