ТҮРКІСТАН: Сайрамда сенбілік жұмыстары жалғасып жатыр

0
230

500-ге жуық адам атсалысты.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда сенбілік жұмыстары жалғасып жатыр

Сайрамда жалпыаудандық сенбілік жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданында табиғаттың экологиялық тазалығын сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» тазалық бағдарламасы аясында сенбілік жұмыстары жүйелі жүргізілді.


Тазалық шарасына аудан әкімдігінің, ауылдық округ әкімдіктерінің, дербес бөлімдердің, «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері, аудан тұрғындары мен ерікті жастар, жалпы 500-ге жуық адам атсалысты. Әрқайсысы өздеріне бекітілген аумақтар бойынша тазалық жұмыстарын атқарды.


Сенбілік жұмыстары барысында республикалық, облыстық маңызы бар автожол жиектері, ішкі көшелердің бойы, саябақтар мен мекеме ғимараттарының аулалары бейберекет тасталған күл-қоқыстардан, шөп-шаламдардан тазартылды. Мектеп аулаларындағы гүл көшеттерінің түптері қопсытылып, суғарылды. Сондай-ақ, жол бойындағы және бірқатар мекеме аулаларының алдындағы қураған ағаш бұтақтары қырқылды.


Айта кетейік, көшелерді күтіп-таза ұстау және қоршаған ортаны қорғай отырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сенбілік жұмыстарына 10-ға жуық техника жұмылдырылды.