ТҮРКІСТАН: Сайрамда «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

0
396

Сенбілікке 2 техника мен 115 азамат қатысып, күл-қоқыстар шығартылды.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бүгін Сайрам ауданына қарасты Арыс ауылдық округінде жалғасын тапты. Сенбілікке 2 техника мен 115 азамат қатысып, күл-қоқыстар шығартылды.


Тазалық шарасы барысында көше бойларының, Арыс өзенінің жағасының, көпірдің асты мен Қожақорған елді мекеніндегі Ж.Меңлібаев көшесінің, жалпы 3,2 шақырым жол бойына қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.


Аталмыш акцияға партия қызметкерлері, Арыс ауылдық округі әкімдігі, мәслихат депутаттары, Жастар ресурстық орталығы, «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері, қоғамдық қызметкерлер және БАҚ өкілдері атсалысты.


Айта кетейік, ауданда әр бейсенбі сайын сенбілік ұйымдастыру тұрақты түрде жалғасын табуда. Акцияға қатысушылардың саны артып келеді.