Түркістан облысы, Сайрам ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа байланысты есебі қанағаттанарлықсыз деп танылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өткен аптаның жұма күні Түркістан облысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаевтың сыбайлас жемқорлық заңнамасының сақталуы бойынша баяндалған есебі қанағаттанарлықсыз деп танылып, алдағы уақытта жүргізілетін нақты тапсырмалар берілді, деп ақпар таратты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы департаментінің баспасөз қызметі.