Трансформатор құны 1 300 000 теңгені құрайды.
Сайрамдық депутат ауылға электр жарығын реттегіш трансформатор орнатып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сайрам аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Тайжанов Аброр кәсіпкерлермен бірлесе Қарамұрт ауылы тұрғындарына игі іс жасады. Ол Шерметов көшесіне 1 300 000 теңгені құрайтын электр жарығын реттегіш трансформатор орнатып берді. Тұрғындардың алғысын алған депутат, игі істер мұнымен тоқтамайтынын айтты.
Айта кетсек, халық қалаулысы бұған дейін де қайырымдылық жұмыстарына белсене атсалысып, ауданның дамуына және әлеуметтік жағдайының жақсаруына мол үлес қосып келеді.