ТҮРКІСТАН: Сайрамдық шаруа мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектен күдер үзген

0
1 361

Сайрам ауданындағы «Шерзад-1» шаруа қожалығы мемлекет тарапынан қолдау көре алмай отыр.


ТҮРКІСТАН: Сайрамдық шаруа мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектен күдер үзген

Сайрамдық «Шерзад-1» шаруа қожалығы 128 сауынды сиырдан 1800 литр сүт алып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сайрам ауданы, Манкент ауылында «Шерзад-1» шаруа қожалығы 2001 жылы іске қосылған. Бүгінгі таңда шаруа қожалық 128 сауынды сиыр, 280 бордақы байлап, сүт өндіру, ет өткізу бағытында жұмыс жасауда. Қазірде мұнда 11 адам тұрақты қызмет етеді. Оларға 80-150 мың теңге арасында жалақы төленіп отыр.

«Шерзад-1» шаруа қожалығы күніне 2 тоннаға жуық сүт өндіріп, «Food master» компаниясына өткізуде екен. Шаруа қожалығы мемлекет тарапынан ешқандай да жәрдем алмаған. Кредиті де жоқ. Кәсібінің барлығын өз қаржысымен дөңгелетіп отыр. Дегенмен мемлекет тарапына берілетін жәрдемнің машақатының көптігі жайында, сондай-ақ болмашы себептерді тауып беретіндігін айтып налыды.

"Жұмысты 2 сиырдан бастағанмын. Кредит алған емеспін. Субсидия бір жыл берді, оны да тоқтатты. Проблемасы көп, сразу айтып қояйын. Бермейді. Бір какой-то мелочьный причинаны табады. Мысалға, малақ шығаратын транспортер, ол электрический болу керек. Сертификат бойынша, біз ондай істей алмаймыз. Біздің ауданымызда ондай ешкім істей алмайды. Потому что ол 170 мың доллар тұрады. Одан гөрі мен трактормен, қолмен ала беремін. Мемлекет тарапынан ешқандай да көмек алып отырғаным жоқ. Қай жерге барсам да қағазбастылық", - деді Шухратбек Абдукаримов «Шерзад-1» шаруа қожалығы басшысы.

Мұнан бөлек шаруа қожалығы өз кәсібін кеңейтіп, сүт өңдеу өндірісін қолға алуды да жоспарлап отыр екен. Шаруа қожалықты құрал-жабықпен қамтамасыз ету мақсатында келіссөздер жүргізілгендігін де атап өтті. Бүгінгі таңда алатмыш қожалық лизинг арқылы алынатын техникаға қол жеткізе алмай отыр. Осы тұрғыда мемлекет тарапынан көмек болғанын қалайды.