ТҮРКІСТАН: «Самғау» оңалту орталығы азаматтарға қызмет көрсетуді бастады

0
102

7 түрлі арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.


ТҮРКІСТАН: «Самғау» оңалту орталығы азаматтарға қызмет көрсетуді бастады

«Самғау» оңалту орталығы 90-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматқа қызмет көрсетуді бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Самғау» оңалту орталығы 90-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматқа қызмет көрсетуді бастады. Мұнда мүгедектігі бар адамдарға 25 күн бойы медициналық көмекпен қатар 7 түрлі арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.


«Орталықта ем алушыларға медициналық, арнаулы әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, еңбек, мәдени, әлеуметтік-тұрмыстық, шаруашылық бағыттарында қызметтер көрсетіледі. Сондай-ақ, науқастарға ыстық ас беріліп, медициналық аппараттардың көмегімен емдік-сауықтыру шаралары жүргізіледі. Салауатты өмір салтын ұстану үшін арнайы спорт залда шынығып, ботаникалық қысқы бақта серуендеуге жағдай жасалған», деді мекеме директорының орынбасары Әшім Нұрланұлы.


Бүгінде мекемеде 100-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Айта кетейік, орталық бір мезетте 18 жастан асқан мүгедектігі бар 200 адамды қабылдап, қызмет көрсетуге қауқарлы.

Бөлісу