ТҮРКІСТАН: Сарағаштық шаруалар жылына 600 мың дана гүл өсіреді

0
707

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 80-ге жуық отбасы гүл өсiрумен айналысады.


ТҮРКІСТАН: Сарағаштық шаруалар жылына 600 мың дана гүл өсіреді

Дербісек ауылының тұрғындары қазіргі таңда үйіргелік жердегі жылыжайда гүлдің бірнеше түрін өсіруде. Былтыр шаруалар 600 мыңға жуық гүл өсірген. ERNUR.KZ.

Ауыл тұрғыны Махат Әуешов гүл өсіру ісімен 20 жылдан бері айналысып келеді. Кәсіпкер 20 соттық жылыжай аумағында раушан, альстромерия, хризантема сынды сұрыпты гүлдерді өсіруде.
«Гүл көшеттерін өсірудің өзіндік қиындықтары бар. Егілген гүлді әр 10-15 күн сайын суарып тұру керек. Жылыжайдағы қалыпты температура 10-15 градус жылылықта болуы шарт. Ал наурыз айының басынан бастап сабағынан қырқылған гүлдер сатылымға шығарыла бастайды. Мереке сайын көршілер мен ағайын-туысқа өз ауламызда өскен гүлдерді сыйға тартамыз. Бұл кез келген жанның көңіліне ерекше қуаныш сыйлайтыны анық», - дейді ол.
Кәсіпкердің гүлдеріне деген сұраныс жоғары. Әсіресе Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан арнайы тапсырыс берушілердің қатары қалың.