ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» құрылысы қарқынды

0
562

900 орынды және 300 орынды мектептердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» құрылысы қарқынды

Сарыағаш ауданында 10 жайлы мектеп салу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында білім ошақтарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның ішінде Сарыағаш ауданында да осы бағытта 10 жайлы мектеп салу жоспарланған. Қазіргі таңда Сарыағаш қаласында құрылыс жұмыстары Телемұнара шағын ауданында 900 орындық және Б.Оспанов көшесінің бойынан А. Сүлейменов атындағы 300 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


Алғашқы білім нысаны бойынша мердігер мекеме тарапынан мектеп ғимаратының Б және Г блогтарының жабын қабаттарына темір бетон құю жұмыстарына дайындық жұмыстары сонымен қатар, ғимараттың В блогына кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарына мектеп 75 адам жұмылдырылған. Сонымен қатар Б.Оспанов көшесінің бойынан салынып жатқан нысанның жер жұмыстары толығымен аяқталып, іргетас құю жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы Самал-3 мөлтек ауданынан 1500 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.


Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде салынып жатқан 900 орындық «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарына арнайы барып, бақылады. «Жайлы мектеп» құрылысын жүргізу үшін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан қаржы бөлінген. Қазіргі таңда, білім беру ордасының бірінші қабаты толығымен аяқталып, екінші қабатына кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, жоғарғы үшінші қабаттының жабын плиталары құйылуда.


Қызылжар ауылдық округі, Жаскешу елді мекенінде «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Аталған елді мекендегі қолданыстағы мектептің сыйымдылығы төмен болуына байланысты «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан қаржы бөлініп, бүгінде мердігер мекеме тарапынан бірінші қабатына кірпіш қалау жұмыстары толығымен аяқталып, екінші қабатына бетон жабынын құю жұмыстары жүргізілуде.


Жалпы құрылысты қадағалау мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаев жұмыс барысын аралап көрді. Бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме өкіліне жоспарға сәйкес сапалы аяқтау қажет екенін жеткізді.


Айта кетейік. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін шешу бағытында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде заманауи мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайту көзделген. Осы жоба аясында Түркістан облысында 63 мектеп салу жоспарланған.