ТҮРКІСТАН: Сарыағашта әлеуметтік ет дүкені ашылды

0
932

Дүкендегі баға өзгелерге қарағанда әлдеқайда арзан.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта әлеуметтік ет дүкені ашылды

Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен әлеуметтік ет дүкені ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен Сарыағаш қаласындағы «Дәулет» базары маңынан әлеуметтік ет дүкені ашылды. Бүгінгі таңда аталған дүкенде кәсіпкер М.Анарқұлов ірі қара мал мен қой етін саудалап жатыр.


Жаңадан ашылған, жалпы аумағы 10 шаршы метрді құрайтын әлеуметтік дүкенде 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда дүкен халыққа қолжетімді бағада ет өнімдерін сатуды үйлестіріп отыр. Яғни ет өнімі 2000 теңгеден саудаланып, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер нарық бағасынан 10%-ға төмен бағамен халыққа ұсынылуда.


«Дүкендегі баға өзгелерге қарағанда әлдеқайда арзан. Ал бұл – тұрмысы төмен тұрғындар үшін үлкен көмек. Сарыағаш ауданы үлкен болғандықтан шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарының базарға келуі қиын. Сол үшін алдағы уақытта ауылдық округтерде де осындай әлеуметтік дүкен ашып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосуға болады», – дейді жеке кәсіпкер.