ТҮРКІСТАН: Сарыағашта құлпынай өсірушілер саны көбейіп жатыр

0
859

Аудан шаруалары қыс мезгілінде құлпынай өсіріп, ерте пісетін жидекті саудалап, мол табыс табуды жоспарлауда.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта құлпынай өсірушілер саны көбейіп жатыр

Сарыағаш ауданында құлпынай өсірушілер саны артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ауыл шаруашылығы саласы – экономиканы дамытудағы негізгі басымдықтардың бірі. Бүгінде Сарыағаш ауданының шаруалары көкөністер мен қоса жеміс-жидектерді де өсіруді қолға алып, өнім түрлерін көбейтуде. Аудан шаруалары қыс мезгілінде құлпынай өсіріп, ерте пісетін жидекті саудалап, мол табыс табуды жоспарлауда.


Қазіргі таңда Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Абдимамыр Бурибеков жылыжайда құлпынай өсіріп, ішкі нарықта саудалауда.


Құлпынай өніміне сұраныс еліміздің ірі қалалары және аудан аумағындағы кәсіпкерлер мен тұрғындардан келіп түсуде. Диқандар иелігіндегі жерлерден жылдық азық жинауға бел байлап, құлпынайды құлпыртып, бүгінде кәсіптерін жандандырып отыр.