Кәсіпорында жыл сайын 4000 келі ет өндіріледі екен.
Сарыағаш ауданында мал бордақылау ісі қарқынды дамып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Орынғазы Қарабаев 2020 жылы тұрғын үйі жанынан мал бордақылау алаңын ашқан.
Бүгінде кәсіпкер 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, аталған мал бордақылау алаңында 35 бас ірі қара мал өсіріліп жатыр. Кәсіпорында жыл сайын 4000 келі ет өндіріледі екен.
Жеке кәсіпкер алдағы уақытта мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін ұлғайтып, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Жалпы, Сарыағаш ауданы аумағында аталған кәсіппен шұғылданатын кәсіпкерлер саны күн көбейіп келеді. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті ұлғайтып, өнім көлемінің артуына және нарықтағы бағаның төмендеуіне ықпал етпек.