Сайысқа 4 отбасы қатысып, спорт ойындарынан құралған 5 шарттан тұратын жарыста бақ сынасты.
Сарыағаштағы жазғы сауықтыру лагерінде отбасылық сайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округі, Тасқұлақ елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде отбасылық «Әкем, анам және мен» атты спорттық сайыс өтті. Сайысқа 4 отбасы қатысып, спорт ойындарынан құралған 5 шарттан тұратын жарыста бақ сынасты.
Жарыстың нәтижесі бойынша 1-орынды Қамановтар отбасы, 2-орынды Жусуповтар отбасы, ал 3-орынды Турдиевтар және Сатыбалдиевтар отбасы ие болды.
Сайыстың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталып, алғысхаттармен марапатталды.
Айта кетейік, аталған шара «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне және 26 маусым – Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай ұйымдастырылды. Мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, баланы достық пен патриоттыққа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.