Аса жоғары күтімді, құнарлы азық пен жылы қора-жайды аса қажет етпейді.
Сарыағаштық отбасы түйе бағып, табыс тауып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында түйе шаруашылыға қызығушылар бар. Солардың бірі – Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Ақ үй елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Е.Алтаев.
Кәсіпкер алғашында 2 түйеден шаруа бастап, бүгінде түйе санын 25-ке жеткізіп отыр. Түйе бағуды отбасылық кәсіпке айналдырып, жұбайы түйе сауып, кәсіптерін дөнгелетуде. Бүгінде тәулігіне 20 литрден аса қымыран әзірлейді.
Түйе түлігі негізінен жайылымда өседі. Аса жоғары күтімді, құнарлы азық пен жылы қора-жайды аса қажет етпейді. Сондықтан бұл шаруашылықпен айналысу қолайлы.