ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық шаруалар қызу тірлікке кіріскен

0
648

64,1 мың гектар жерге егіс егілді.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық шаруалар қызу тірлікке кіріскен

Сарыағаш ауданында биылғы жылы көктемгі дала жұмыстарына 3600 тонна бағасы жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Көктемгі дала жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару азық – түлік қауіпсіздігі мен бағасына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан бүгінгі таңда түркістандық шаруалар қызу жұмыс атқаруда. Соның ішінде, Сарыағаш ауданында биылғы жылы көктемгі дала жұмыстарына 3600 тонна бағасы жеңілдетілген жанар-жағармай бөлініп, қазіргі таңда таратушы операторлар тарапынан шаруаларға босату жұмыстары жүргізілуде. Егіс алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету, мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында 5 – каналды ағымдағы жөндеуден және 13 – қашыртқыларды механикалық тазалаудан өткізу үшін сметалық құжаттары дайындалуда.


Биылғы жылы ауданда жалпы 67,8 мың гектар егістік жерді игеру жоспарланса, бүгінгі таңда 64,1 мың гектарға егіс егілді. Сонымен қатар, 682,3 га жылыжайда көкөністер өндіріліп, алғашқы өнімдері еліміздің солтүстік өңірлері мен шет мемлекеттерге саудаланып жатыр. Сондай-ақ, облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «жылына 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасы» 559 шаруақожалығына тиесілі 1602 гектар алқапта жүзеге асырылуда.