ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық тұрғын тігін цехын ашты

0
578

Бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық тұрғын тігін цехын ашты

Сарыағашта грант алып, кәсіп бастағандар саны көбейіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінгі таңда елімізде шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән беріліп жатыр. Әсіресе, мемлекет тарапынан берілетін грант біршама адамның кәсіп бастауына ықпал етіп келеді. Сондай грант арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың бірі – Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны М.Абельдинова.


Кәсіпкер 2023 жылы мемлекеттік грант алып, «Назипа ана» тігін цехын ашқан. Грант қаражатына тігін машиналарын, оларға қажетті қосалқы бөлшектерін алып, 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.


Бүгінде цехта тапсырыспен ұлттық нақышта безендірілген көрпе-жастықтар, қыз жасаулары және басқа да қажетті дүниелер тігіледі. Олардың құрылғылары тігіннің ең қиын түрлерін де орындауға мүмкіндік береді екен.


Сондай-ақ жаңадан келіп, тігіншіліктің қыр-сырын үйреніп, болашақта осында жұмыс істеуді көздеп отырған жастарға да тәлім беріп жатыр.