ТҮРКІСТАН: Сарыарық ауылы табиғи газға қосылды

0
82

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.


ТҮРКІСТАН: Сарыарық ауылы табиғи газға қосылды

Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Сарыарық ауылында табиғи газ жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Нысанды іске қосу рәсіміне аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, сала басшылары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысып, қуаныштың куәсі болды.


Салтанатты шара барысында аудан әкімі Азат Оралбаев бұл жоба Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік саясатының нақты көрінісі екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.


Жоба аясында Сарыарық ауылындағы 171 тұрғын үй табиғи газға қосылды. Енді ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысы айтарлықтай жеңілдемек. Түркістан облысында тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасады.

Бөлісу