ТҮРКІСТАН: Сауда және интеграция вице-министрі өндіріс орындарымен танысты

0
397

Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуге ықпал етпек.


ТҮРКІСТАН: Сауда және интеграция вице-министрі өндіріс орындарымен танысты

Сауда және интеграция вице-министрі Өндірістік парк аумағында орналасқан жиһаз шығаратын кәсіпорында болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапарымен ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев келді. Вице-министр Өндірістік парк аумағында орналасқан жиһаз шығаратын кәсіпорында болды. «Ақниет Holding» толық өндірістік циклі бар отандық жиһаз компаниясы. Кәсіпорында 97 адам жұмыс істейді. Мұнда жылына 34 мың жиһаз және 24 мың мектеп партасы жасап, шығарылады. Бұл жоба ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуге ықпал етпек.


Жалпы Түркістан облысында жиһаз өндірісі қарқынды дамып келеді. Оның дәлелі - жиһаз өнеркәсібіне инвестиция тарту бойынша облыс Республикада көш бастап тұр. Өткен жылы өңірдің жиһаз өнеркәсібіне 13,2 млрд теңге инвестиция салынып, республикалық көрсеткіштің 76,8 пайызын құрады.


Сонымен қатар, Қайрат Төребаев түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауытта болды. Түркістан қаласының маңында орналсқан «Golden camel» зауытының өнімдері экспортқа негізделген. Өндіріс орны Қытай мен Германиядан жеткізілген заманауи құрылғылармен жабдықталған. Бүгінде компанияның жылдық өндірісі 480 тонна түйе сүті ұнтағын құрайды. Мұнда 100-ден аса жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 90%-ын құрайды.