35-і жыл соңына дейін толық аяқталады.
Сауран ауданында 100-ден астам өндірістік цехтің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы орайда, биыл Сауран ауданында өндіріс саласы қарқынды дамып жатыр. Жыл басынан бері 124 өндірістік жоба құрылысты бастап, оның 35-і жыл соңына дейін толық аяқталады. Бұл көрсеткіш аудан экономикасының өсуіне, жаңа кәсіпорындардың ашылуына және тұрғындардың жұмыспен қамтылуына оң ықпал етіп отыр.
Өндірістік жобалардың басым бөлігі Шаға, Иассы, Қарашық, Жүйнек және Үшқайық ауылдық округтерінде жүзеге асуда. Бұл аймақтар өндіріс орналастыруға қолайлы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
Аудан аумағындағы өндіріс бағыттары да айқын әрі сан салалы.
• Құрылыс материалдары шығаратын – 36 цех;
• Жиһаз өндірісі – 35 цех;
• Азық-түлік өнімдерін өндіру – 25 цех;
• Резеңке және пластмасса бұйымдарын өңдеу – 8 цех;
• Тігін өндірісі – 5 цех;
• Электротехникалық өндіріс – 5 цех;
• Дәрі-дәрмек өндіретін – 1 өндіріс орны;
• Ауылшаруашылық жабдықтарын жасайтын – 8 цех;
• Қағаз өңдейтін – 1 цех іске қосылатын болады.
Жалпы алғанда, өндірістік жобалардың қарқынды дамуы Сауран ауданының индустриалдық әлеуетін өсіріп, өңірдегі экономикалық белсенділікті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға кең мүмкіндік беруде.


