Фельдшерлік-акушерлік бекетте заманауи үлгіге сай фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емдеу және қабылдау бөлмесі бар.
Сауран ауданында 2 фельдшерлік-акушерлік бекет ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Сауран ауданында 2 фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Нысандардың ашылу салтанатына Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев және Сауран аудандық емханасының басшысы Бақыт Стамкулов қатысып, аудан тұрғындарын құтықтады.
Алдымен Сауран ауданы, Бостандық ауылында заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Аталған нысанның құрылысы 2024 жылы басталған. Фельдшерлік-акушерлік бекетте заманауи үлгіге сай фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емдеу және қабылдау бөлмесі бар.
Сауран ауданы, Шаға ауылының тұрғындары да қуанышқа кенелді. Ауылда заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Аталған нысанның құрылысы 2024 жылы басталған. Енді шағалықтар ем іздеп, аудан орталығына сабылмайтын болды. 1500-ге жуық тұрғынға жаңа медициналық бекет қызмет көрсетеді. Бұл фельдшерлік-акушерлік бекет те фильтр, әйелдер бөлмесі, егу, емдеу және қабылдау бөлмелерімен қамтылған.