ТҮРКІСТАН: Сауранда балмұздақ өндіретін кәсіпорынның қазығы қағылды

0
94

Компания қазіргі таңда балмұздақтың 160-тан астам түрін, сондай-ақ сүт өнімдері мен мұздатылған жартылай фабрикаттарды өндіреді.


ТҮРКІСТАН: Сауранда балмұздақ өндіретін кәсіпорынның қазығы қағылды

Сауран ауданында балмұздақ өндіретін кәсіпорынның қазық қағу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сауран ауданына қарасты Иассы ауылдық округінің Еңбекші Диқан елді мекеніндегі «Дәморда» өндірістік алаңында құны 200 миллион теңгені құрайтын балмұздақ өндіретін кәсіпорынның қазық қағу рәсімі өтті. Іс-шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер және тиісті бөлім басшылары қатысты. Өз сөзінде аудан әкімі өндірістік жобаларды жүзеге асыру, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды тетігі екенін атап өтті.

Жоба Қазақстандағы және Орталық Азиядағы жетекші балмұздақ және мұздатылған өнімдер өндірушілерінің бірі саналатын «Шин-Лайн» компаниясының өндірістік желісін дамытуға бағытталған. Компания қазіргі таңда балмұздақтың 160-тан астам түрін, сондай-ақ сүт өнімдері мен мұздатылған жартылай фабрикаттарды өндіреді.

Өндіріс орны іске қосылғаннан кейін өңірдегі қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуына серпін беріп, отандық өнім көлемін арттыруға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар кәсіпорынның өнімдері ішкі нарықпен қатар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Беларусь және Сауд Арабиясын қоса алғанда 10-нан астам елге экспортталатын болады.

Бөлісу