ТҮРКІСТАН: Сауранда жиһаз цехы ашылды

0
650

300-ден астам адам жұмыспен қамтылады.


ТҮРКІСТАН: Сауранда жиһаз цехы ашылды

Сауран ауданында «Sem Brand» жиһаз цехы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданы Иассы ауылдық округінде «Sem Brand» жиһаз цехы іске қосылды. Өндірістік цехтың аумағы 3000 шаршы метрді құрайды. Заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 80 мың орындық, 15 мың үстел шығаруға қауқарлы. Аталған кәсіпкерлік нысанға арнайы барған аудан әкімі Ғани Рысбеков ұжым жұмысымен танысты.


«Біз шетелдегі көрмелерге жиі барамыз. Мамандарымызды тәжірибе алмасуға шетелдегі түрлі ірі кәсіпорындарға жібереміз. Жүзден астам адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Мамандарымыздың шеберлігі өнімдеріміздің сапалы болуы үшін өте маңызды. Қазіргі таңда өнімдерді еліміздің көптеген қалаларымен қоса Қырғызстанға да экспортқа шығарып жатырмыз»,- деді цех директоры Бабыр Шереханұлы.


Атап өтсек, «Sem Brand» жиһаз цехы – Түркия, Қытай және Ресей елдерімен бірлесіп жұмыс істеуде. Шетелдік соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған өндіріс орнында болашақта 300-ден астам адам жұмыспен қамтылады.