Футбол, жүгіру, президенттік шақырым, арқан тарту сияқты спорт түрлерінен.
Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен спорттың 4 түрінен спорттық сайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жылдығына, Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына, Сауран ауданына құрылуына орай, сондай-ақ «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» аясында Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен спорттың 4 түрінен спорттық сайыс өтті. Саурандық мемлекеттік қызметшілер футбол, жүгіру, президенттік шақырым, арқан тарту сияқты спорт түрлерінен бақ сынасты.
Сайыста Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Сауран ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, ардагер, мемлекеттік қызметкер, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Юлдаш Сатыбалдиев құттықтау сөз сөйлеп, тілек білдірді.
Спорттық сайысқа Сауран ауданының 12 ауылдық округінің мемлекеттік қызметкерлері мен аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері және дербес бөлім қызметкерлері қатысты. Футболға 12 ауылдық округтен 6 команда және аудан әкімдігінің аппарат мүшелерінен 1 команда, дербес бөлімдерден бір команда, жалпы саны 9 команда қатысты. Спорттық сайыстардың соңы концерттік бағдарламаға ұласты.