ТҮРКІСТАН: Саурандықтар сенбілікті дәстүрге айналдырды

0
418

Нәтижесінде 50 тонна қоқыс шығарылды.


ТҮРКІСТАН: Саурандықтар сенбілікті дәстүрге айналдырды

Саурандықтар сенбілікті дәстүрге айналдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округінде 250-ден астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті. Шараға ауданға қарасты 12 ауылдық округтен тұрғындар қатысып, орталық көшелерге тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік апта сайын әр ауылдық округте тұрақты жалғасын тауып келеді.


Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына 9 техника жұмылдырылған. Көшелер бойы қоқыстан тазаланып, шөп ору, ретсіз өскен ағаштарды бұтау мен түптерін әктеу жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде 50 тонна қоқыс шығарылды. Тазалықты басты қағидаға айналдырған саурандықтар сенбілік жұмыстарын тұрақты жалғастырып келеді.