ТҮРКІСТАН: Сенторлар көшпелі отырыс өткізді

0
469

Тұрғын үй құрылысы саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелерін талқылады.


ТҮРКІСТАН: Сенторлар көшпелі отырыс өткізді

Сенаторлар тұрғын үй құрылысы саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Түркістан облысында көшпелі отырыс өткізді. Тұрғын үй құрылысы саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай ұлттық бағдарлама әзірлеу – талқылаудың басты тақырыбы болды.


Комитет төрағасы Дәурен Әділбеков қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттің негізгі әлеуметтік міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Тиісті мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды заңнамалық қамтамасыз ету процесінде парламентшілер рөлі аза маңызды. Депутат сондай-ақ Сенат комитетінің көшпелі отырысы тұрғын үй саясаты саласындағы проблемалық мәселелерді анықтауға арналғанын атап өтті.


Сенатор Әлімжан Құртаев ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз етуде жеке бағдарлама әзірлеу қажет деп есептейді. Бұл ауылда тұру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жастардың қалаларға жаппай кетуін қысқартуы ықтимал.


«Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды ауылдық жерлерде іске асыру мүмкін емес. Осыған байланысты Қазақстанда тұрғын үй құрылысы процесін одан әрі жетілдіру мақсатында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта ол Үкіметтің қарауында жатыр», - деді сенатор.


Комитеттің көшпелі отырысының жұмысына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев, «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрағасы Ләззат Ибрагимова және басқа да салалық мекемелердің басшылары қатысты.


Комитеттің көшпелі отырысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Жетпісбай, ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Тимур Қарағойшин, "Отбасы банк" АҚ Басқарушы директоры және басқа да салалық мекемелердің басшылары қатысты.


Парламентшілер өңірге сапар барысында жаңа шағын ауданның құрылыс барысымен танысты, құрылыс алаңдарында, трансформаторлық жабдықтар шығаратын зауытта, сондай-ақ көлік-логистика орталығында болды.