ТҮРКІСТАН: «Серпін» бағдарламасы түсіндіріліп жатыр

0
584

Бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған.


ТҮРКІСТАН: «Серпін» бағдарламасы түсіндіріліп жатыр

Түркістанда «Серпін» бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Серпін-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі оқу орындарының өкілдері облыс жастарына жан-жақты мәлімет беруде.


«Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.


«Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етілетіндігі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.


Биыл бағдарлама шеңберінде елімізде 3653 грант бөлінген.


Осы жылы 800-ден астам түркістандықтар грантқа ие бола алады


«Серпін» бағдарламасы елімізде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатыр


Бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған. Ақпараттандыру жұмыстары 20 шілдеге дейін жүзеге асады.