​ТҮРКІСТАН: Шардарада 104 жастағы кейуана дауыс берді

0
1 864


​ТҮРКІСТАН: Шардарада 104 жастағы кейуана дауыс берді

Бүгін Шардара ауданы Алатау батыр ауылдық округінің тұрғыны 104 жастағы Жібек Кожасова №869 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ, кейуана ауданның болашағы жарқын болуы тілеп бата берді.


Айта кетейік, Жалпы ауданда 44 109 азамат дауыс беру құқығына ие. Аймақта жалпы 33 сайлау учаскесі бар. Барлық дауыс беру орындары материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да учаскелерде толық жағдай жасалған.