Тазалық шарасына жалпы саны 100-ге жуық адам қатысып, 2 техника жұмылдырылған.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шардаралықтар да өз үлестерін қосуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жалпыхалықтық экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шардаралықтар да өз үлестерін қосуда. Соның дәлелі ретінде Достық және Бозай ауылдарында сенбілік жұмыстары өтті. Тазалық шарасына жалпы саны 100-ге жуық адам қатысып, 2 техника жұмылдырылған.
Ауыл тұрғындары сенбілік барысында жол бойындағы қоқыстар мен шөптерді тазалады. Тазалық жұмыстарында жиналған 4 тонна қоқыс арнайы полигондарға жеткізілді. Ауыл белсенділері алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары өз жалғасын табатынын жеткізді.