ТҮРКІСТАН: Шардарада бір ауылға газ берілді

0
473

Қонақтар мен ақсақалар қуаныштарын бөлісіп, салаға жауапты мамандарға алғыс білдірді.


ТҮРКІСТАН: Шардарада бір ауылға газ берілді

Шардара ауданында 2485 тұрғын «көгілдір отынмен» қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жаушықұм ауылының 2485 тұрғыны «көгілдір отынмен» қамтылды. Айтулы күннің салтанатты шарасына аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, жаушықұмдықтардың қуанышын бөлісті.


«Ең алдымен барша Жаушықұм ауылының тұрғындарын және газдандыру саласына атсалысқан бүкіл азаматтар мен қызметкерлерді құттықтаймын. Бүгінгі таңда, Шардара ауданы бойынша 10 елді мекен мен Шардара қаласындағы 10 шағынаудан табиғи газбен қамтамасыз етілген. Оларда тұратын халық саны – 79 129 адам, аудан тұрғындарының 94% пайызын құрайды. Енді Жаушықұм елді мекеніндегі 2 485 тұрғын табиғи газ көзіне қосылып, жалпы аудан тұрғындарының табиғи газбен қамтылуы 97,1 пайызды құрайды. Сонымен қатар 2024 жылға жоба құны 49,0 млн теңгені құрайтын Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Ақберді елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылуда. Қуанышты әрі жемісті күндеріміз көп болсын», деді А.Қарсыбаев.


Сондай-ақ салтанатты шараға келген қонақтар мен ақсақалар қуаныштарын бөлісіп, салаға жауапты мамандарға алғыс білдірді.