23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Спорт – діни экстремизмге қарсы» ұранымен мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада өтті.
Қала және ауылдық округтерден қатысқан мемлекеттік қызметшілер армрестлинг, кір тасын көтеру, волейбол, кіші футбол, арқан тарту және ләңгі тебу сынды спорт түрлерінен сайысқа түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шараның салтанатты ашылуында Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев жұртшылықты Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Спорт – діни экстремизмге қарсы» ұранымен бастау алып, күн ұзаққа созылған спартакиада қала және ауылдық округтерден келген мемлекеттік қызметшілер армрестлинг, кір тасын көтеру, волейбол, кіші футбол, арқан тарту және ләңгі тебу сынды спорт түрлерінен сайысқа түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте аудандық ветеринария бөлімінің құрама командасы жүлделі ІІІ орынды иеленсе, Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің командасы ІІ орынға табан тіреді. Ал, спартакиаданың басты жүлдесі Шардара қаласы әкімі аппаратының командасының еншісіне тиді.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен ерекше қабілетімен көзге түскен жекелеген мемлекеттік қызметшілер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.