ТҮРКІСТАН: Шардарадағы алғашқы медіресенің құрылысы басталды

0
777

Қажетті мамандармен келіссөздер қазірден бастап жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Шардарадағы алғашқы медіресенің құрылысы басталды

Шардара ауданында алғашқы медіресенің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардарада ауданның бас имамы Марат Асановтың бастамасымен, жергілікті демеушілердің қолдауымен аудандағы 150 орындық алғашқы медіресенің құрылысы басталды. Бүгінде ғимараттың бірінші қабатының қабырғасы толықтай қаланып біткен.


Аудан аумағында алғашқы болып бой көтеріп отырған медіреседе шәкірттер діни сауат ашумен қатар философия негіздері, математика, музыка, құқықтану, медицина саласынан да білімдерін кеңейтіп, білікті маман, қоғамдық ортаға белсене араласатын тұлға ретінде қалыптасатын болады. Сондай-ақ, медіресе кәсіптік білім беретін оқу орны санатына жататындықтан, мұнда діни біліммен қатар, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген пәндер оқытылады. Медіресенің оқу корпусы барлық қажетті жиһаздармен, соңғы үлгідегі техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп, қоры бай кітапхана да қызмет көрсетпек. Медіресе оқушыларына діни сауаты, білім мен біліктілігі жоғары мамандар дәріс бермек. Қажетті мамандармен келіссөздер қазірден бастап жүргізілуде.


«Орта Азия мен Қазақстанда білімнің, ғылымның, мәдениеттің қайнар бастауы VIII-XII ғасырлардан жататынын жадымыздан шығармауымыз керек. Асылды тот баспайтыны сияқты, әу баста тілі «Алла» деп шығып, ана сүтімен бір «Аллаға» деген құлшылыққа қанып өсіп, жасынан медреседе білім алған жастардың бойында мейірімділік пен имандылық адалдық пен отансүйгіштік, бауырмашылдық пен адалдық сезімдері қалыптасады. Зиянды әдеттер мен қылмыстан, құқық бұзушылықтар мен өз-өзіне қол жұмсаудан бойларын аулақ ұстайтын болады», - дейді ауданның бас имамы.

Айта кетейік, үлгерімі жақсы бітірушілерге өз білімдерін әлемнің үздік Ислам университеттерінде жалғастыруларына мүмкіндіктер қарастыралады.