ТҮРКІСТАН: Шардарадағы өзекті мәселелер талданды

0
1 298

Бұл жиналыс бойынша қорытынды шығарылып, нәтижесі бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырылады.


ТҮРКІСТАН: Шардарадағы өзекті мәселелер талданды

Түркістан облысындағы жаңа форматтағы кездесулер Шардара ауданында өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы барлық аудан, қалалардың өзекті мәселелері талқыланып, шешу жолдары қаралатын жаңа форматтағы кездесулер Шардара ауданында өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен актив отырысында ауданның қордаланған проблемалары ортаға салынды. Бұл жиналыс бойынша қорытынды шығарылып, нәтижесі бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырылады.


Түркістан облысындағы әрбір аудан, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты түрде зерделеніп, жұмысын нашар атқарған басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге шара көріледі.


Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешу жолдары, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы да сараланып, аудан әкіміне тиісті тапсырмалар беріледі.


«Бүгін біз Шардара ауданындағы өзекті мәселелерді талдауға олардың шешу жолдарын қарастыру үшін жиналып отырмыз. Мақсат – сыннан нәтиже шығару. Ауданда шешімін таппаған мәселелер көп. Экономикалық, әлеуметтік салалар, ауыз су, инфрақұрылым мен абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға басты назар аударып, кемшіліктерді жою керек. Төмендеген көрсеткіштерді көтеруге күш салу қажет. Салық базасын ұлғайту, мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесе аудан бюджетінің түсімдерін ұлғайтуды жүзеге асыру керек. Ауданның дамуы бойынша басты бағыттарды белгілеп, даму жоспарын әзірлеп, инвестициялық климатты жақсарту қажет. Жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етугеді тапсырамын. Барлық мемлекеттік мекемелердің алдына ағаш отырғызу керек. Көгалдандыру, тазалық жұмыстары күнделікті атқарылсын», – деген Дархан Сатыбалды кемшілікке жол берген басшыларға ауызша ескерту берді.


Мәжілісте Дархан Сатыбалды аудан әкіміне инвестиция тарту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктер туралы ақпарат беру, ауыл шаруашылығын жандандыру, инфрақұрылымды жақсарту, білім саласын жаңғырту және өзге де мәселелер бойынша жұмыс атқаруды тапсырды. Басқарма басшыларымен бірлесе еңбек етуді жүктеді. Әрбір орынбасар мен бөлім басшыларының уәждері тыңдалды.


Облыс әкімі аппаратының тарапынан Шадара ауданының өзекті мәселелері талданып, бірқатар кемшіліктер анықталды. Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов Шардараны дамыту барысындағы кемшіліктерді баяндады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының өнім көлемі, құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша жоспар орындалмаған. Өзге де салалар зерделеніп, өзекті проблемалары қозғалды.


Бұл көрсеткіштер аудан әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасамағанын көрсетеді. Салық салу базасын ұлғайтудың орнына, ауданда керісінше өзіндік кірістердің үлесі төмендеген. Сондай-ақ аудан аумағында орналасқан салық салу объектілері салық декларациясында жалдамалы жұмысшылардың санын төмендетіп көрсетеді. Жастарға несие беру жобасының орындалуы әлсіз. Денсаулық сақтау саласында ауданда бірқатар өзекті мәселелер бар.


Әкім тапсырмасына сәйкес, облыс әкімі аппараты тарапынан аудандағы жалпы мемлекеттік әлеуметтік нысандардың, жол, санитарлық тазалығы, көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайларына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бірқатарының жай-күйі сын көтермейді.


Жаңа форматтағы кездесулер бойынша қорытынды шығарылып, нәтижесі бойынша тиісті жұмыстар жасалады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды барлық аймақтарды аралап, әрбір ауданның даму барысын, жұмыстарын саралауда. Мәселелерді шешу жолдары қаралып, тапсырманы орындалу мерзімдері белгіленеді. Барлық сала зерделенеді. Осы арқылы өңірді дамыту жұмыс сапасын жақсарту, елдің өтініштері мен ұсыныстарын сапалы орындау, облыстың даму көрсеткішін жақсарту көзделіп отыр.


Ауданға жұмыс сапары барысында облыс басшысы Шардара қаласындағы Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінде болды. 420 орындық білім ұясында екі ауысыммен 786 оқушы білім алады. Білім ұясы апатты жағдайда деп танылған. Жаңа мектер салу мәселесі талқыланды.