ТҮРКІСТАН: ​Шаруалар егістікті автоматтандырылған жүйемен суғарады

0
1 343

Арыс-Түркістан каналының Түркістан аумағындағы 5 шақырымы аллеяға айналады. Аумақ абаттандыралып, веложолдар мен жүргіншілер жолдары салынады.


ТҮРКІСТАН: ​Шаруалар егістікті автоматтандырылған жүйемен суғарады

Түркістандағы егіс алқаптарын суғару келесі жылдан бастап автоматтандырылған жүйеге көшеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов айтып өтті.
Арнайы қойылған құрылғылар арқылы су беру ісі интернет жүйесі арқылы бақыланып, басқарылып отырады. Тіпті, егістікке қанша су жіберілгені де ғаламтор арқылы базаға өздігінен түсіп тұрады.
"Биылғы жылы 18 нысанға автоматтандырылған жүйе қойылды. Бірақ қазір іске қоспадық. Сондықтан қол күшімен жұмыс істеп жатыр. Келер жылы 145 орынға орнатып, барлығын автоматтандырамыз деп жоспарлап отырмыз", - дейді дейді Нұрбек Бадырақов.
Айта кетерлігі бұған дейін республикалық меншікке тиеселі алты су нысаны облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының «Тұран су» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК меншігіне беріліпті. Олардың ішінде «Бөген» су қоймасы, «Түркістан», «Арыс», «Қараспан» магистралды каналы, «Қараспан» су торабы, «Қосқорған» су қоймасы бар.
Жаңа жүйе аталған су беру нысандарынан суармалы суды тұтынатын шаруалардың егістік алқаптарына орнатылмақ.
Сондай-ақ, Арыс-Түркістан каналының Түркістан аумағындағы 5 шақырымы аллеяға айналады деп күтілуде. Аумақ абаттандыралып, веложолдар мен жүргіншілер жолдары салынады.
Қазір 5 км аумақта топырақ төсеу жұмыстары бітіп, 200 метр жерге бетондау жұмыстары жүріп жатыр.