ТҮРКІСТАН: Шекара бекеттерінде 86 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды

0
583

Ел аумағына өтетін азаматтар вакцинация, ревакцина салдырған, екпе алғанына 6 ай уақыттан аспаған болуы керек.


ТҮРКІСТАН: Шекара бекеттерінде 86 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды

Түркістан облысындағы кеден бекеттері арқылы 94 219 адам Өзбекстан мемлекетінен Қазақстан территориясына кірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 5 шекарадан өткізу бекеті жұмыс істейді.Жыл басынан беріЖібек жолы, Қапланбек, Қазығұрт, Қонысбаев және Атамекенөткізу кеден бекеттері арқылы 94 219 адам Өзбекстан мемлекетінен Қазақстан территориясына кірген. Оның - 42 802-сі көлік жүргізушілері болса, 51 417-сі жаяу жолаушылар. Жалпы 7420 адамнан полимеразды тізбекті реакцияға (ПТР) сынамаалынып, 3 435 азамат 2 күндік карантинге жіберілген және 86 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.


Жақында ҚР БМСДҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шаралары туралы №21 жаңа Қаулысы шықты. 5 мамыр күні күшіне енетін қаулыдаұдан былай шекара бекеттерінен өтушілер сауалнама толтырмайды, термометриядан өтудің қажеті болмайды, сонымен қатар олардан ПТР сынама алынбайды.


Дегенмен ел аумағына өтетін азаматтар вакцинация, ревакцина салдырған болуы, екпе алғанына 6 ай уақыттан аспаған болуы керек. Егервакцинация, ревакцина алмаған болса және алғанына 6 ай уақыттан асқан жағдайдақолында 72 сағаттан ерте емес полимеразды тізбекті реакция сынамасы туралы анықтамасы болуы керек. Егер паспорт вакцинациясы да,ПТР анықтамасы да болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша 72 сағаттың ішінде COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтетіндігі туралы қолхат жазып,шекара бекетінен өтеді. Дене қызуы жоғарылап, ауырып тұрған адамдар анықтамасының болғанына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады.


Ал, 5 жасқа дейінгі балалардан вакцинация, ревакцинация, ПТР сынама, анықтама ұсыну талап етілмейді. ҚР аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан, сондай-ақ Әзірбайжан, Молдова, Тәжікстан және Өзбекстан Республикаларының аумағынан келетін адамдар анықтаманы «COVID-19-сыз саяхат» мобильді қосымшасымен ұсынады.