ТҮРКІСТАН: Созақта 900 орынды жайлы мектептің құрылысы жалғасып жатыр

0
356

Жауапты мамандарға құрылыс және жабдықтау жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Созақта 900 орынды жайлы мектептің құрылысы жалғасып жатыр

Созақта «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық мектептің құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен барып, аудан орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, құрылысқа қатысты туындаған мәселелерді талқылады. Бұл жөнінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков бірқатар ұсыныстарын жеткізді.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жауапты мамандарға құрылыс және жабдықтау жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.


Айта кетейік, аталған білім ошағы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен қолға алынып, осы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.


Жаңа мектептің техникалық жарақтандыру үлесі 4 есеге ұлғайтылып, робототехника кабинеттері, зертханалар, хореография залдары қарастырылып отыр. Оқу кабинеттері интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталады. Жайлылық пен тиімділікті қаматамасыз етіп, мектепішілік кеңістік ыңғайлы болу мақсатында бастауыш сыныптар, орта, жоғары буын оқушылары үшін жеке блок жасалады.