ТҮРКІСТАН: Созақта 900 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр

0
815

«Жайлы мектеп» жобасы аясында салынуда.


ТҮРКІСТАН: Созақта 900 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр

Созақ ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында бір мектеп бой көтеріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтеріп жатқан Ы.Алтынсарин атындағы 900 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.


Одан бөлек, заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысын аралап, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Өндірістік кестеге сәйкес жұмысты жүйелі түрде жүргізіп, сапасына мән беру керектігін айтты.


Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» аймағындағы тал көшеттерінің жай-күйін бақылап, тиісті мамандарға күтіп-баптау жұмыстарын тапсырды. Бұдан бөлек, алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын арттыру және Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына көше жарықшамдарын орнату бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ, Шолаққорған ауылынан Таукент бағытында салынып жатқан көпірдің құрылыс барысы бақылауға алынды.