ТҮРКІСТАН: Созақта жылу беру маусымына дайындық пысықталды

0
1 087

Бүгінгі таңда 2 100 тоннаға жуық қатты отын жинақталған қойма жылу беру маусымына дайын екендігін жеткізді.


ТҮРКІСТАН: Созақта жылу беру маусымына дайындық пысықталды

Созақ ауданында жылу беру маусымына дайындық пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков «Шолаққорған су» МКК мекемесіне қарасты «Мазут шаруашылығы» отын сақтау қоймасында болды. Бүгінгі таңда 2 100 тоннаға жуық қатты отын жинақталған қойма жылу беру маусымына дайын екендігін жеткізді. Онда аудан басшысы Таукент және Қыземшек кенттерінде орналасқан орталықтандырылған жылу жүйесіне қажетті жеткізілген қатты отынның сапасын көріп, жылу маусымына дайындық жұмыстарының барысын пысықтады. Жауапты мамандарға аталған аймақтарға қажетті отынды тасымалдау жұмыстарын қадағалауды тапсырды.


Сондай-ақ, Таукент кентіндегі орталықтандырылған жылу қазандығында жүріп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Аралау барысында сала мамандары мен жауапты бөлім, мекеме басшыларына дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтап, сапалы атқаруды тапсырды.