ТҮРКІСТАН: Созақтағы барлық ішкі көшелерге жарықшамдар орнатылды

0
128

Веложолақтар, суағар жүйелері және жаңартылған аялдамалар ел игілігіне берілді.


ТҮРКІСТАН: Созақтағы барлық ішкі көшелерге жарықшамдар орнатылды

Созақ ауданындағы ішкі көшелерге 100 пайыз түнгі жарықшамдар орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Созақ ауданындағы елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, 2024 жылы аудандық бюджет есебінен 10 ауылдық округ пен кенттерде 57 көше жарықтандырылды. 2025 жылы 143 шақырымды құрайтын ішкі көшелер толықтай түнгі жарық шамдармен қамтамасыз етілді. Нақтырақ айтқанда, барлық ауылдар мен елді мекендердің ішкі көшелері 100 пайыз жарықтандырылды.


Сондай-ақ аудан орталығы Шолаққорған ауылында орталық маңызы бар Жібек жолы және С.Қожанов көшелері абаттандырылды. 718 дана көше жарығы бағаналары мен 167 дана аяқжолға арналған жарық тіректері орнатылды. 120 дана орындық пен қоқыс жәшіктері қойылды. Веложолақтар, суағар жүйелері және жаңартылған аялдамалар ел игілігіне берілді. Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, елді мекендердің келбетін жақсартуға ықпал етті.

Бөлісу