ТҮРКІСТАН: Созақтағы Қызылкөл аймағы демалыс орнына айналады

0
2 802

Облыс әкімі Қызылкөл аймағын жаңғыртып, демалыс аймағы ретінде дамыту қажеттігін тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Созақтағы Қызылкөл аймағы демалыс орнына айналады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданына барған жұмыс сапары кезінде бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өмірзақ Естайұлы Шолаққарған ауылындағы «Тәуелсіздік» саябағымен танысты. Бұл нысан 2017 жылы ел игілігіне берілген. Сапар барысында аймақ басшысы «Alma resort» серіктестігінің алма бауының жұмысымен танысты. Мұндағы алма ағаштары 2011 жылы отырғызылған. 15 гектар аумақты алып жатқан бақта алманың «Голден делишес», «Ринет семеренко», «Старкенсон» сортты ағаштары жайқалып тұр. Бұл жобаға мемлекеттік бағдарлама арқылы 7,5 млн. теңге қаржы жұмсалған. Мұнда 15 адам жұмыспен қамтылып отыр. Серіктестік жұмысымен танысқан облыс әкімі ауданда баумен қатар, бақша өнімдерін өндіруде қолға алуқажеттігін тапсырды.

Облыс әкімі ауданға жасаған іссапарын «Мыңжылқы» мәдениет сарайында аяқтады. Онда аудан әкімі Салыхан Полатов Созақ ауданының экономикалық-әлеуметтік салаларда атқарылған жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ, «Ауылым – алтын бесігім» бағдарламасы аясында жүзеге асар жастарға арналған жаңа орталық, жол құрылысы мен ауданның абаттандырылуы сынды жобаларды баяндады. Жиынды қорытқан Өмірзақ Естайұлы тарихи Созақ өңірінде туризм саласын да қолға алу қажеттігін айтты. Ол үшін Қызылкөл аймағын жаңғыртып, демалыс аймағы ретінде дамыту қажеттігін тапсырды.