ТҮРКІСТАН: Субсидия мен егін егу науқаны қатаң бақылауда

0
883

Ө.ШӨКЕЕВ: «Сөз емес, іске көшіңдер!».


ТҮРКІСТАН: Субсидия мен егін егу науқаны қатаң бақылауда

Түркістан облысында ауыл шаруашылығының негізгі салаларын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында облыста ауыл шаруашылығының негізгі салаларын дамыту мәселелері туралы баяндалды. Бұл саланың аса маңызды екеніне тоқталған өңір басшысы барлық жұмыстар жүйелі жүргізіліп, жауапты өкілдер сөзден іске көшуі керектігін айтты. Ел көзбояушылық пен құрғақ статистика емес, әр жобаның жүзеге асырылуын күтіп отырғанын жеткізіп, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.


Бүгінде облыста азық-түлік қауіпсіздігі, шаруаларды тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселелері, субсидияның қолжетімділігі және егін егу науқаны қатаң бақылауда. Әртараптандыру нәтижесінде егіс көлемі 844 мың гектарға жеткізілді. Өңірде қарқынды бау, сүт тауарлы ферма, құс етін өндіру, мал бордақылау кешені, өнеркәсіптік жылыжай, етті қайта өңдеу кәсіпорындары, өсімідік өнімдерін қайта өңдеу, балық шаруашылығы және ветеринариялық препараттар өндіру бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Облыс басшысы жұмыстарды өңірдің барлық аудан, қалаларда қарқынды жүзеге асыруды тапсырды.