Тазалық шарасы барысында кесене маңы мен ауласын, көше бойлары мен бірқатар орындарды қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Сайрамда «Таза бейсенбі» апталық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылдық округінде, Жаныс баба кесенесінің аумағын тазалаумен жалғасты. Тазалық шарасы барысында кесене маңы мен ауласын, көше бойлары мен бірқатар орындарды қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш акцияға «AMANAT» партиясының мүшелері, мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері, Қарамұрт ауылдық округі әкімдігі, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығы, «Жастар Рухы» ЖҚ белсенді жастары, қоғамдық қызметкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Айта кетейік, ауданда әр бейсенбі сайын сенбілік ұйымдастыру тұрақты түрде жалғасын табуда. Акцияға қатысушылардың саны күн сайын артып келеді. Сондықтан сайрамдық тұрғындар тек сенбілікте ғана емес, күнделікті өмірде де аудан тазалығына белсене атсалысуда.