ТҮРКІСТАН: «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жүйелене түседі

0
451

807 елді мекенде сенбілік жұмыстары кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді.


ТҮРКІСТАН: «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жүйелене түседі

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жүйелене түседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып, тұрғындардың экологиялық сауатын көтеру, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған іс-шаралар жүйелене түседі. Бүгін осы мәселеге байланысты Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен кеңес өтті. Жиында «Таза Қазақстан» акциясының атқарылу барысы, соның ішінде басқармалардың және аудан, қала әкімдерінің акция аясында атқарған жұмыстары қаралды. Мәжіліске тиісті басқармалар мен департамент басшылары сондай-ақ селекторлық режимде аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.


Облыс әкімінің бірінші орынбасары тазалық, абаттандыру жұмыстарын үздіксіз жүргізуді, тазалық сақтау бойынша насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Облыстағы барлық басқарма, департамент қызметкерлері өздеріне белгіленген аумақты таза ұстауы керек екенін айтты.


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Президенттің бастамасымен қолға алынған іс. Енді біз тазалық жұмыстарын жалғастырып, апта сайын пысықтап отыратын боламыз. Облыстық, республикалық маңызы бар жолдардың жан-жағы да тексеріледі. Жауапты басқармалар, мекемелер жұмысты күшейтсін. Тұрғындардың белсенділігін көтеріңіздер. Түсіндіру, ағарту, ақпараттық жұмыстар жүргізілсін. Аудан, қала әкімдері мен орынбасарлардан осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды талап етеміз. Дұрыс нәтиже болмаса, ауыл округі әкімдері, аудан әкімдерінің жауапты орынбасарларына шара көрілетін болады. Акция аясында кең көлемді сенбіліктер ұйымдастыру қажет», – деген облыс әкімінің бірінші орынбасары «Таза Қазақстан» акциясы тоқтаусыз жалғасатынын жеткізді.


Мәжілісте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков пен облыстық қоғамдық даму басқармасының орынбасары Болат Жанәбілдің «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асыру жөніндегі баяндасы мен ұсыныстары тыңдалды. Білім, жол, дін, спорт, мәдениет, кәсіпкерлік, табиғат, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту басқармалары мен экология департаменті және «ҚазАвтоЖол» мекемесінің өкілдері акцияға қосқан үлесі және алдағы жоспарлары туралы баяндады.


Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экоакциясы асяында атқарылған жұмыстарға апта сайын талдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда өңірде аталған акция аясында абаттандыру, көгалдандыру санитарлық тазалық, қоқыс шығару және полигондарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар атқарылуда.


Жалпы облысқа қарасты 807 елді мекенінде сенбілік жұмыстары кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді.