ТҮРКІСТАН: Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

0
40

Жастар ортасында интернет кеңістігі арқылы теріс діни ағымына кіруіне қатысты жағдайлар және оларды шешу жолдары пысықталды.


ТҮРКІСТАН: Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

Түркістан облысында терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Оған облыстық терроризмге қарсы комиссия мүшелері, құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың, тиісті департаменттердің басшылары және адан, қала әкімдері қатысты.


Комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдардың есептері тыңдалып, тиімді шешімдер қабылдау және атқарылып жатқан шараларды үйлестіру мәселелері талқыланды. Жастар ортасында интернет кеңістігі арқылы теріс діни ағымына кіруіне қатысты жағдайлар және оларды шешу жолдары пысықталды.


Мәжіліс барысында қорғалатын объектілердің жай-күйі және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейі, интернет кеңістігіндегі заңсыз және деструктивті материалдарды анықтау үшін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту бағыттар бойынша ақпарат берілді. Баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды. Бұл бағытатғы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді. Мәжіліс соңында ақпараттық кеңістікті жақсарту, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, ұлттық құндылықтарымызды бағдар ету мәселелері сөз болды.


Отырыс қорытындысында мемлекеттік органдардың жүргізіп отырған жүйелі жұмыстары мен талдау нәтижелері облыс аумағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге оң әсер ететіні, сондай-ақ саяси астары бар террорлық қауіптердің алдын алу тетіктерін күшейту қажеттілігі атап өтілді.

Бөлісу