ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданы білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті

0
1 978

Тамыз кеңесінде «Жаңартылған білім мазмұнын дамытудағы инновация және тәжірибелер» әдістемелік көрмесі ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданы білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті

Бүгін жылдағы дәстүрге сай Төлеби ауданының мәдениет үйінде білім саласы қызметкерлерінің «Білім сапасы: білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы жаңа тәсілдер» тақырыбында тамыз кеңесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алдымен «Жаңартылған білім мазмұнын дамытудағы инновация және тәжірибелер» әдістемелік көрмесі арқылы жаңа білім беру кадрларын даярлау технологиясын баяндайтын ақпараттық стендтер көрсетілімі өткізілді.
Кеңеске аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Қойбағаров, облыстық білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Ешенқұлов, аудандық білім бөлімінің басшысы Роза Аманова, аудандық білім беру мекемелерінің директорлары мен мұғалімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын басында аудандық білім бөлімінің басшысы Роза Сәрсенбекқызы білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарды толық баяндап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды шолып, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі орта білім берудегі оқу-тәрбие бағдарламарына енгізілген жаңалықтарды айтып өтті. Оның айтуынша биылға 2019-2020 оқы жылында жаңартылған білім беру мазмұнына 4,9,10 сыныптар, ал 11 сыныптар келесі оқу жылында өтеді. Жаңа оқу жылынан бастап, үш жаңа пәндер 10 сыныптарда оқушылардың бейініне қарай «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Алғашқы әскери және техникалық дайындық» пәндері оқытыла бастайды. 9 сыныптарға «Құқық негіздері» пәні енгізіледі. 1-10 сыныптарда электронды күнделік жүйесі жалғасады. Мектептке дейінгі және мектепалды дайындықтан өтпеген 6 жасқа дейінгі балалар үшін білім беру ұйымдарында «Бүлдіршіндер мектебі» курстары ашылады. Отбасы құндылықтарын сақтай отырып, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ әкенің отбасындағы бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту мақсатында аудандағы білім беру мекемелерінде «Әкелер мектебін» ашу жоспарланып отыр.

Ауданымызда жылдан-жылға білім саласының оқу-материалдық базасы да нығаюда. Аудан бюджеті 21 млрд 452 млн теңгені құрап, білім мекемелерін қаржыландыруға 10 млрд 990 млн теңге, яғни 51,2% бөлініп келеді.

Аудандағы 67 мектептің 52-і типтік, 15 ыңғайластырылған болса, 3 ауысымды және апатты мектептер жоқ. Биылғы жылы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 200 орындық қосымша ғимарат құрылысы аяқталып, 1 қыркүйекте пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, Ленгір қаласындағы №4 Қ.Сәтбаев атындағы және Қасқасу жалпы орта мектептерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Көксәйек елді мекеніндегі 100 орындық бастауыш мектебінің құрылысы басталса, Ленгір қаласындағы №1, №5 мектеп гимназиялары, Ақбастау жалпы орта мектебінің қосымша құрылыс жұмыстары мен Қ.Тыныбеков атындағы жалпы орта мектебінің спорт залы келер жылы пайдалануға берілетін болады.

Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков жиында сөз алып ұлағатты ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, қазіргі жаһандану дәуірінде сапалы білім - қарқынды дамудың басты шартына айналып, біз - қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдісіне әрқашан сай болуымыз керектігін, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктелетіндігін айтты.

Сонымен қатар, өзін-өзі жетілдіру үшін өткізілетін курстарға квалификациямызды көтеріп айлық-жалақымызды асырып алайық деп емес оқытуларда айтылатын дәрістерді мұқият тыңдап, көңілге тоқып, бір нәрсе үйреніп білейін деп қатысқанымыз жөн. Осы мәселеге баса назар аударуымыз керек деп үндеу тастады.
Жиын соңында еңбегі сіңген ұстаздарға облыс әкімінің алғыс хаты мен грамотасы, аудан әкімінің Алғыс хаты, аудандық мәслихатының дипломы, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевтың Алғыс хаттары табысталды.