ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында инвестициялық жобалар көбейіп жатыр

0
411

Аудан басшысы әкімдік тарапынан инвесторға қолдау көрсетілетінін айтып, ел дамуы жолында бірлесіп еңбек етуге шақырды.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында инвестициялық жобалар көбейіп жатыр

Төлеби ауданында инвестициялық жобалардың саны артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалған. Мемлекет тарапынан қолдау да бар. Облысқа қарасты аудан, қалаларда жыл сайын отбасылық кәсіппен айналысатын азаматтар қатары көбеюде.


Төлеби ауданында инвестициялық жобалардың саны артып келеді. Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік саласын дамыту үшін инвестиция тартуды көздеген кәсіпкерлермен кездесіп, инвест жобаларымен танысты.


Аудандағы Зертас ауылдық округінде жеке кәсіпкер «AZIA MILK» маркасымен сүт-тауарлы фермасы жобасын іске қоспақ. Кәсіп иесі елді мекен шегіндегі 10 гектар аумаққа Израиль технологиясы негізінде ферма ашуды көздеп отыр. Тауарлы сүт фермасы аумағында 1 200 бас ірі қара малға арналған және жем-шөп жинайтын орын, сүт өнімдерін дайындайтын арнайы ғимарат болады. Ферма барлық қажетті заманауи технологиямен жабдықталмақ. 2024-2027 жылдары жүзеге асырылатын бұл жоба жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Жоба құны – 1,3 млрд теңге.


Аудан басшысы әкімдік тарапынан инвесторға қолдау көрсетілетінін айтып, ел дамуы жолында бірлесіп еңбек етуге шақырды.


Ауданда балық шаруашылығы да дамып келеді. Аудан әкімі Киелітас ауылдық округіндегі жеке кәсіпкердің балық шаруашылығымен танысты. Кәсіпкер 350 млн теңге өз қаражаты есебінен 0,5 гектар аумаққа 10 тоннадан астам сазан балығын өсіріп жатыр. Одан бөлек, 1,6 гектар жерге демалыс аймағы бой көтерген. Демалыс аймағы тамыз айында жұмысын бастайды деп жоспарлануда.