Ауыл шаруашылығы, туризм, өндіріс және қайта өңдеу салаларындағы жобалар жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, шетелдік инвесторларды тарту, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Төлеби ауданында қытайлық инвесторлармен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Бейжің қаласында орналасқан «Ca Long» компаниясынан арнайы келген делегация өкілдерін қабылдады.
Келіссөз барысында ауданның инвестициялық әлеуеті, экономикалық мүмкіндіктері және басым бағыттары жан-жақты таныстырылды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, туризм, өндіріс және қайта өңдеу салаларындағы жобалар жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар қытайлық инвесторлар ауданда Кеңес өкіметі кезеңінде жұмыс істеп, қазіргі таңда жұмысын тоқтатқан бірқатар өндірістік орындарғақызығушылық танытты. Аталған нысандарды қайта іске қосу, жаңғырту және жаңа өндірістер ашу мүмкіндіктері талқыланды.
Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өзара тиімді әріптестік орнату мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша ұсынылған жобаларды жан-жақты зерделеп, нақты бағыттар бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу жөнінде келісімге келді.


