Ерікті жастар алдағы уақытта тағы да мұқтаж азаматтарға көмек қолын созуды жоспарлап отыр.
Түркістан облысы Төлеби ауданының еріктілері жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантин кезінде бірқатар әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік тауарларын таратты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Студенттерден құрылған жомарт жандар мұндай игі іс атқару үшін өз қалталарынан қаржы жинап, оған күнделікті тұтынатын азық-түлік алған. Атап айтқанда, себетте ұн, макарон, күріш, қарақұмық, сұйық май, шекер және басқа да тауарлары бар.
Ерікті жастар алдағы уақытта да сауапты іс жасауға ниетті азаматтардың басын қосып, тағы да мұқтаж азаматтарға көмек қолын созуды жоспарлап отыр.