Бұл — еңбектің еленгені, ауыл еңбеккерлеріне көрсетілген зор құрмет болды.
Төлеби ауданы «Алтын күз – 2025» мерекесін жоғары деңгейде атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төлеби ауданында «Алтын күз – 2025» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Дәстүрлі мерекеге «Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмуратов Төрегелді Оразалыұлы арнайы қатысып, аудан халқын айтулы мерекемен құттықтады.
Төрегелді Оразалыұлы ауыл шаруашылығы саласында үздік еңбек етіп жүрген озат мамандарға Алғыс хаттар мен «Ауыл» партиясының 25 жылдығына арналған мерекелік медальдарды табыстады. Бұл — еңбектің еленгені, ауыл еңбеккерлеріне көрсетілген зор құрмет болды.
Мереке соңы көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламаға ұласты.


