ТҮРКІСТАН: Төлебиде азаматтық қорғау саласында кешенді оқу-жаттығу өтті

0
2 624

Төтеншеліктердің оқу-жаттығу кезінде дайындық жұмыстары пысықталды.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде азаматтық қорғау саласында кешенді оқу-жаттығу өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданында «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтері мен Азаматтық қорғау құрылымдарының, объектілерінің іс-әрекеттері» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кешенді оқу-жаттығу аясында аудандық төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі, эвакуация комиссияларының ұйымдастырыушылық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік мекемелерде, барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер мен орта кәсіптік оқу орындарында, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мекемелерінде, халық көп шоғырланатын жерлерде, көп қабатты тұрғын үйлерде жалпы аудандық сейсмикалық жаттығулар және сел қауіпі болуы мүмкін аймақта сел жаттығулар өткізілді.

Авариялық-құтқару қызметтері дайындыққа келтіріліп, ауданның азаматтық қорғаныс бастығының және төтенше жағдайлар комиссия төрағасының жылжымалы басқару бекеті, шұғыл әрекет ету жасағы, құтқару, жол және көпірлер, инженерлік команда, жеке қорғану құралдарын тарату бекеті, ауыл әкімдері мен тұрғындарды қатыстырып эвакуациялық жинау пунктерін (ЭЖП), эвакуациялық қабылдау пунктерін (ЭҚП) дайындыққа келтіріп көрсетілді.

Сонымен қатар ұландырғыш заттар мен бактериялық құралдарға сынаптарды анықтау, радиациялық-химиялық қадағалау постын іс жүзінде жайып, аса қауіпті жұқпалы індет оқиғасы орын алған жағдайда оны емдеу профилактикалық мекемесін эпидемияға қарсы кезеңге ауыстырлып, басқа да аурулар орын алған жағдайдағы іс-қимылдары көрсетілді.

Үш күнге созылған кешенді оқу-жаттығуға ҚР ІІМ Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен келген қызметткерлері аудан аумағында өткізілген барлық іс-шараларға қатысты. Оқу-жаттығу соңында қорытынды жиналыс өткізіліп, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тарапынан Төлеби ауданының азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға «ДАЙЫН» деген бағаларын берді.